23
октябрь
2026
Мектеп оқушыларының жетістіктері.
2026-2027жылдың І тоқсан қортындысы бойынша біздің мектеп оқушылары оқу, ғылым, шығармашылық, спорт және қоғамдық жұмыстар бағытында жақсы нәтижелер көрсетіп келеді. Оқушыларымыз қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі пәндік олимпиадаларға, ғылыми жобаларға, түрлі байқаулар мен шығармашылық сайыстарға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Бұл – олардың білімге деген қызығушылығының, ізденісінің және табандылығының нәтижесі. 1. Тілдер айлығы аясында «Тіл-татулық тірегі» атты қалалық оқушылар арасындағы айтыста 8 «А» сынып оқушысы Түсіпова Ажар 3 орын алды.Жетекшісі – Алпысбаева Маржан Аскаровна. 2. Қалалық Аманов атындағы математикалық олимпиадаға мектебіміздің 9 А сынып оқушысы Тұрысбек Әмина қатысып, 3 орын иеленді. Жетекшісі-Есенгужинова Фируза Каримбековна. 3. Республикалық «Білім айнасы» оқу-ағарту академиясы ұйымдастырған жас суретшілерге арналған «Бояулар құпиясы: Су асты әлемі» тақырыбында өткен конкурсында 7 «А» сынып оқушысы Бауыржанұлы Ұлан І-орын алды.Жетекшісі-Бутобаева Жанна Советовна. 4. «Ақберен" өнер байқауының қалалық кезеңінде 8 «А» сынып оқушысы Шалқарқызы Дильназ ІІІ орын иеленді. Жетекшісі – Алпысова Меруерт Ерлановна. 5. Семей қаласының өлкетану музейінде өткен «Семей өлкесі: табиғат, тарих, мәдениет» IV облыстық жас ғалым-өлкетану конференциясына Тусупова Ажар және Ақан Нұрай қатысты. Конференция туған өлкенің табиғатын, тарихы мен мәдениетін зерттеуге, оқушылардың ғылыми ізденістерін дамытуға бағытталды.Жетекшілері Бутобаева Жанна Советовна, Куанышева Шынаргуль Куанышқызы.